Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласының медицина саласының мамандары ҚАЗТЕСТ-тен өтті
Алматы қаласының медицина саласының мамандары ҚАЗТЕСТ-тен өтті


Ағымдағы жылдың 2-5 шілде аралығында Алматы қаласында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мен бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізілді. Кезекті тестілеудің әлеуметтік құрамы келесідей болды: медицина саласының қызметкерлері, әскери қызметшілер, педагог мамандары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өкілетті орган қызметкерлері және мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері.


Медицина саласының мамандары мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалауға арналған тестілеуге алғаш рет қатысып, отандық жүйесінің құрылымы мен мазмұнымен танысты.


ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік мекемелермен қатар акционерлік қоғам, ұлттық компания қызметкерлері де өтуде. Мәселен, осы жолы сертификаттық тестілеуден «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының 20 қызметкері мен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 мұғалімі өтті.


Жалпы тестілеуге Алматы қаласы бойынша 741 адам қатысты.

KazTest100718kaz1.jpg



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх