Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысындағы негізгі нысаналы индикатор ретінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру жолға қойылған. Бүгінде қызмет атқарып жүрген ересек қауымға қазақ тілін жеделдете үйрету – еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы. Бағдарламада мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану арқылы анықтау көзделген.
Қойылған талаптарды жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 25-29 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Жамбыл, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік және өзге де сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді.
Тест тапсырушылардың 70 %-ын қазақ, 22 %-ын орыс, 8%-ын өзге ұлт өкілдері (украин, татар, белорусь, неміс, ұйғыр, кәріс) құрады.
Сонымен қатар 25 маусымда Петропавл қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы бойынша диагностикалық және сертификаттық (В1-орта деңгей) апробация өткізілді. Жаңа форматтың апробациясына 85 адам қатысты. Диагностикалық тестілеу бойынша 3 бөлікте 100 тест тапсырмасы берілді – тыңдалым (20 тапсырма), лексико-грамматикалық құрылым – (40 тапсырма), оқылым (40 тапсырма). Сертификаттық тестілеуде үш бөлікпен бірге «Жазылым» және «Айтылым» бөліктері берілді.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz