2018 жылғы 16-20 сәуір аралығында Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері арасында кезекті ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағы өткізілді. Тестілеуге жалпы саны 2223 адам қатысты, оның ішінде 990-ы мемлекеттік қызметші, 1168-і бюджеттік сала қызметкерлері. Байқау сынағына облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының (денсаулық, білім беру, пошта, ХҚКО, әскери бөлім) қызметкерлері қатысты.