2018 жылғы 23-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Лингвистикалық орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті тестілеуді өткізді. Тестілеу жұмысына Cемей, Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Аягөз, Зырян, Бесқарағай, Қатонқарағай, Тарбағатай, Бородулиха, Шемонаиха, Ұлан, Көкпекті, Глубокое аудандарынан 4019 адам қатысып, оның 730-ы сертификат алуға ықылас танытты.
Қорытынды байқау сынағына облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының (денсаулық, білім беру, пошта, ХҚКО, әскери бөлім) қызметкерлері қатысты.
Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.
Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша, ал сертификаттық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым және жазылым бөліктері бойынша жүргізілді.
Тестке қатысуға ниет білдірген азаматтарға тесттің құрылымы мен мазмұны жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Тестіленуші тұлғалар іс-шара барысында тестілеу технологиясына, тест тапсырмаларының мазмұнына, құрылымына қатысты қызығушылықтарын білдірді, мемлекеттік тұрғыдан маңызды іс екендігін атап өтті. Облыстық баспасөз құралдары да аталған шараны облыс жұртшылығына таныстыру, жүйені насихаттау мақсатында өз басылымдарында тестілеуге қатысушылардың алған әсерлерін, тестілеу жүйесі туралы ой-пікірлерін жариялады.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz