Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Мектеп оқушылары қазақ тілінен өз деңгейлерін анықтады
Мектеп оқушылары қазақ тілінен өз деңгейлерін анықтады


2006 жылдан бастап 12 жыл бойы республикамыздың ересек тұрғындары арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау үшін тестілеулер ұйымдастырылып келеді.

Бұл көрсеткіш Қазақтан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі нысаналы индикаторларының бірі ретінде мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесін белгілейді.

Сонымен қатар, осындай нысаналы индикаторлардың бірі – мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 2020 жылға қарай – 100% дейін жеткізу. Болашақ мектеп түлектері (10-сынып) жалпы білім алумен қатар мемлекеттік тілде өзі, мектебі, отбасы, достары, қызығушылығы, бос уақыты, болашақ мамандығы туралы еркін білуі тиіс. Өмірде әр істі өз уақытында орындаған маңызды, ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін уақыт бар кезде қаншалықты өз деңгейі міндетті деңгейге жақындығын білуге оқушыларда мүмкіндік пайда болды.

Осы мақсатта республика бойынша алғаш рет Жамбыл облысының Тараз қаласында орыс тілді білім беретін мектеп оқушылары арасында В1 деңгейі бойынша байқау тестілеуі ұйымдастырылды. Бұл отандық ҚАЗТЕСТ жүйесі, оның тест тапсырма түрлері мен тестілеу технологиясын түсіндіру үшін, ағымдағы жылдың қазан айында өтетін ресми емтиханға дайындық ретінде ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бастамасы мен қолдауымен Тараз қаласының 7 мектебінде тестілеу ұйымдастырылды. Олар:

- № 41 А. Пушкин атындағы гимназия;

- №40 гимназия;

- №1 Ә. Бөкейхан атындағы гимназия;

- №24 гимназия;

- №7 мектеп-гимназиясы;

- №39 И. Панфилов атындағы мектеп-гимназия.

Байқау тестілеуіне 344 оқушы қатысты.

Жоғары сынып оқушыларының пікірі бойынша тест соншалықты қиын болмады, мәтіндер қызықты болып, Тыңдалым бөлігінен ғана кей тұста қиындық туғызды.

В1-орта деңгей бойынша байқау тесті өткендіктен, нәтиже де ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеудің талабына сәйкес әр бөліктен 60% дұрыс жауап алғанда ғана мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген деп бағаланады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх