Ақмола облысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды
2018 жылғы 26 ақпан – 2 наурыз аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Ақмола облысында диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізілді.
Диагностикалық тестілеуге 1 829 адам қатысты. Оның ішінде:
- бюджеттік сала қызметкерлері – 1404 адам;
- мемлекеттік қызметшілер – 360 адам;
- әскери сала қызметкерлері – 41 адам;
- мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері – 24 адам.
Жоспарға сәйкес облыс бойынша 50 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Оның ішінде: 40 адам «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының филиалы, Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары болса, 10 адам жеке азаматтар. Сертификаттық тестілеуге жалпы саны 46 адам қатысты.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымында мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне үлкен мән берілген. Осылайша, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы өзінің ұстаздар құрамының мемлекеттік тілді меңгеруін арттыру арқылы мемлекеттік тілдің дамуына және үштілділік саясатты жүзеге асыруда өз үлесін қосып отыр.
Облыс тұрғындары үлесінің басым көпшілігі ана тілі қазақ тілі болып саналмайтын өзге ұлт өкілдері болғандықтан, кейбір салаларда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту әлі де өткір тұрған мәселелер қатарында.
Тестілеуге облыстық басқармалар мен қалалық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, Ақмола облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы; Қаржы басқармасы; Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы; Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы; Сәулет және қала құрылысы басқармасы; Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы; Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы; Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы; Құрылыс басқармасы; Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы; Ішкі саясат басқармасы; Мәдениет басқармасы; Мұрағаттар мен құжаттама басқармасы; Жастар саясаты мәселелері басқармасы; Тілдерді дамыту басқармасы; Туризм басқармасы; Білім басқармасы; Жер қатынастары басқармасы; Дене шынықтыру және спорт басқармасы; Денсаулық сақтау басқармасы; Дін істері басқармасы; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы; Ветеринария басқармасы; Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі; Жер кадастры және жылжымайтын мүлік техникалық тексеру департаменті; Білім басқармасына қарасты мекемелер (колледждер, мектептер, балабақшалар); Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер (музей, кітапхана, музыкалық колледж); Көкшетау қаласы Ішкі істер бөлімі; Көкшетау қаласының № 1 емханасы; Қорғаныс комиссариаты; Сот-медициналық сараптама орталығы.
Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» қазақ тілін оқыту, үйрету, тіл меңгеру деңгейін бағалау және сол арқылы тіл меңгеруге ынталандыру бағытында ҚАЗТЕСТ басқармасымен тығыз байланыста қызмет атқарып келеді. Осы жолғы кезекті тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының» қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Диагностикалық тестілеу нәтижелеріне сәйкес қазақ тілін меңгеру талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттар бойынша деңгейлеп оқыту курстары біткен соң сертификаттық тестілеу өткізу келесі кезеңге жоспарланды.