Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Олимпиада – 2018: жарайсыздар, балалар!
Олимпиада – 2018: жарайсыздар, балалар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған республикалық олимпиада ұйымдастырады.

Осы жылы республикалық олимпиаданың алғашқы кезеңінде еліміздің барлық өңірлерінен он-лайн режимінде 2500-ден оқушылар қатысып, екінші кезеңге 106 оқушы жолдама алған. Алғашқы да, қорытынды кезеңдері де азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша өткізілді.

Республикалық олимпиадаға қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын 5-10 сыныптардың дарынды оқушылары қатысты. Үміткерлер түркі тілдес және славян тілдес ұлттар бойынша екі топқа бөлінді. Бұл топтар 5-8 сынып оқушылары үшін бір бөлек, 9-10 сынып оқушылары бір бөлек топтарға тағы бөлінді.

DSC_0213.JPG

Республикалық олимпиданың ХІІІ қорытынды кезеңі Астана қаласындағы «Нұр-Орда» мектеп-лицейінде өтті. Финалдық турға Астана мен Алматы қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 63 оқушы қатысты. Ұлттар бойынша бөлінуі: орыс – 27, украин – 2, қырғыз – 1, татар – 2, ұйғыр – 1, өзбек – 17, неміс – 3, әзірбайжан – 2, түрік – 1, кәріс – 1, молдаван – 1, өзге де ұлт өкілдері – 3 адам болды. Дарынды оқушылар қазақ тіліндегі тілдік материалдарды тыңдап түсіну, оқып түсіну мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын меңгеру деңгейін анықтау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тестілеу әдісімен өтті.

Әділқазылар құрамына Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қорының директоры, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқарамасының қызметшілері енді.

Республикалық олимпиданың финалдық кезеңіне Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры да қолдау көрсетті. Әрбір топтан жүлделі жүлделі орындар анықталды. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мақтау грамота, балл саны көрсетілген анықтама мен қазақ тіліндегі көркем туындылармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие бола алмаған оқушыларға олимпиадаға қатысқандары үшін грамоталар беріліп, ҚАЗТЕСТ тарапынан үш тілдегі лексикалық минимумдар табысталды. І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарға ие болғандардың әрқайсысына грамматикалық анықтағыш, әдістемелік құрал, ұстаздарына да ҚАЗТЕСТ емтиханына дайындық құралдары берілді. Оқу құралдары қазақ тілін меңгеруге игі ықпалын тигізеді деген ниетпен, жалпы ҚАЗТЕСТ тарапынан 130-дан астам кітап берілді. Қазылар алқасы тарапынан қазақша еркін сөйлейтін Фирсова Анна, Хамов Борис, Узюмова Наталья сияқты оқушылар сыйлықтармен атап өтілді.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх