Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ оқулықтарының жаңа басылымы шықты


  ЛМ А1 JPEG 2017.jpg ЛМ А2 JPEG 2017.jpg             Окулык В1 2017 JPEG.jpg  Окулык В2 2017 JPEG.jpg

Қазіргі таңда қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табу өзекті мәселе болып отырғаны белгілі. Осы орайда 2011-2012 жылдары ҚАЗТЕСТ жүйесі әзірлеген қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен көмекке келеді. Кешеннің ауқымды бөлігі – бес деңгейден тұратын «Қазақ тілі» оқулығы мен қазақ тілін меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы.

Осы уақыт аралығына дейін аталған оқу-әдістемелік құралдар қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлері, қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйренушілер, сондай-ақ жалпы оқырман қауым арасында жоғары сұранысқа ие болып, қолданылу аясы жылдан жылға артып келеді.

Жылдар бойы қолданыс барысында жинақталған тәжірибенің, өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінің ұсыныстары, оқырмандардың пікірлері негізінде 2016 жылы оқулықтардың толықтырулар мен өзгерістер енгізілу арқылы А1, А2 деңгейлерінің, 2017 жылы В1, В2 деңгейлерінің, сондай-ақ лексикалық минимумдардың А1, А2 деңгейлерінің екінші басылымы жарық көрді.

Оқулықтардың мазмұны қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын Ұлттық стандарттары мен Бірүлгі бағдарламаның екінші басылымдарына сәйкес жаңартылса, лексикалық минимумдар аталған оқулықтардың мазмұндық құрылымына сәйкестендірілді. Сонымен қатар бірнеше тілде бірдей дыбысталатын ел атаулары, халықаралық терминдер жойылып, белгілі бір деңгейде қамтылуы тиіс сөздермен толықтырылды.

Аталған құралдардың қазақ тілін жылдам үйренуге, сол арқылы мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын арттыруға, сондай-ақ ҚАЗТЕСТ сынағынан сәтті өтуге септігін тигізетініне сенім білдіреміз.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх