Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Астаналық дәрігерлерге ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар өтті
Астаналық дәрігерлерге ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар өтті


2017 жылғы 8 қараша күні Астана қаласы әкімдігі «№3 перинаталдық орталық» мекемесінде тіл оқыту курстары тыңдаушыларының коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ бойынша семинар өтті. Семинарға мекеменің бас дәрігері, бас дәрігердің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, қазақ тілі оқытушысы, мекеме қызметкерлері қатысты. ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарманың жетекші сарапшысы Тоғызбай Нұргүл Батырбекқызы семинарға қатысушылармен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының мазмұны, тест тапсырмаларының түрлері, тестілеу технологиясы, қолданыс аясы, нәтижеге бағыттап тілді оқыту әдістемесіндегі жаңалықтар тақырыбында сұхбаттасып, тәжірибе алмасты.

Қазақстан Республикасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің нысаналы индикаторларында көрсетілген мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Осы үлесті арттырудағы ҚАЗТЕСТ жүйесінің қолданысы мен оған дайындалудың байқау сынақтары туралы ақпараттар мен мәліметтер берілді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх