Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ-тің форматы өзгереді
ҚАЗТЕСТ-тің форматы өзгереді


2006 жылдан бері елімізде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілді оқыту барысында тест арқылы тілдік білімді бағалау тәсілі тілдік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді, осы арқылы да ҚАЗТЕСТ құндылығын байқауға болады. 10 жыл бойы республика аймақтарында сөйлеу әрекетінің түрлеріне сәйкес Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым, Жазылым бөліктері арқылы тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мен бағалауға бағытталған тестілеулер өткізілді.

Әр құбылыс, жүйе, емтихан түрін жетілдіру үшін қолдану барысындағы тәжірибеде қажеттілігі туатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, дамуды талап етеді. Отандық жүйенің форматына да біраз өзгерістер енгізілуде. Форматтың өзгешелігі жөнінде ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасының маманы М. Сәдуақасова ағымдағы жылғы 20 қазанда өткізілген «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинарда баяндады.

Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамытудың қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастырды. Бұл іс-шараға аймақтық тілдерді дамыту басқармаларының мемлекеттік тілге жауапты мамандары мен тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Латын әліпбиіне қатысты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Жүнісбек Әлімханның баяндамасының негізінде семинардың өзектілігі артты. Шығыс Қазақстан облыстық лингвистикалық орталығының оқытушылары, өз кезегінде, қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша шеберлік сабақтарын жоғары деңгейде өткізді.

Бағалаумен шектелмей, ҚАЗТЕСТ тарапынан қазақ тілін оқыту аясында 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен Мемлекеттік стандарттар, типтік бағдарлама, деңгейлік оқулықтар, тақырыптық лексикалық минимумдар, грамматикалық анықтағыш әзірленді. 2016 жылы деңгейлік оқулықтардың А1, А2 деңгейлері бойынша толықтырылған екінші басылымы шықты. Қазіргі күнде В1, В2 деңгейлерінің екінші басылымы әзірленуде. Жаңа нұсқалар Ұлттық стандарт пен Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарламаға сәйкестендірілді, жаңа тараулар енгізілді; кейбір жаттығулар мен тапсырмалар өзгертілді; мазмұны жетілдірілді.

Кез келген тілді меңгеру үдерісі сөздік қорды қалыптастырудан басталады. Бұл ретте ҚАЗТЕСТ тарапынан құрылған үш тілдегі тақырыптық лексикалық минимумдардың А1, А2 деңгейлерінің жаңа жобасы әзірленіп отыр. Екінші басылымында алғашқы деңгейлерде аса қажет, бірақ бірінші нұсқада қамтылмай қалған сөздер мен сөз тіркестері, жағдаяттық лексика элементтері қосылды; қазақ және орыс тілдерінде бірдей қолданылатын ел атаулары, халықаралық терминдер жойылды. Аталған құралдардың бәрі қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мазмұнын қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. 



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх