Жыл сайын 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі аясында республикалық, қалалық деңгейде өткізілетін іс-шараларға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасының қызметкерлері үнемі қатысуда.
Биылғы жылы да 2017 жылғы 20 қыркүйекте ұйымдастырылған ҚР Қорғаныс Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері арасындағы «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты іс-шара ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасының қызметкерлері қатысты.Аталған іс-шара Қазақстандағы ұлтаралық достықты нығайтуға, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін насихаттауға, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасын арттыруға бағытталған.
Мерекеннің салтанатты ашылуы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қ.Ә. Садықовтың құттықтау сөзімен ашылды.
Іс-шараға Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасынан, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасынан, Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасынан, Байланыс басқармасынан, Әскери полиция бас басқармасынан, 14776 әсери бөлімінен, 83205 әскери бөлімінен, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен және «Жас ұлан» республикалық мектебінен командалар қатысып, қатысушылар өз өнерлерін, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктерін көрсетті.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Жұмабекұлы Асылов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Мұқаметқали Мәншүк Мұқаметқализы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік және шет тілдері кафедрасының профессоры Назигүл Тұрысбекқызы Төленбергенова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері Салауат Нағымұлы Каримовтар қатысып, әскери саладағы мемелкеттік тілдің қолданыс аясының кеңейіп, кеңінен насихатталып жатқанына өз тараптарынан жылы лебіздерін білдірді.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz