2017 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында Алматы облысы Талдықорған қаласының, Іле, Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға және бағалауға бағытталған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді.
Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша, ал сертификаттық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым және жазылым бөліктері бойынша жүргізілді.
Жалпы тестілеуге 609 адам қатысты, оның ішінде 536 тестіленуші диагностикалық және 73 тестіленуші сертификаттық (В1 деңгей) тестілеуден өтті. Мемлекеттік қызметшілер саны – 178, бюджеттік сала қызметкерлері – 431 адамды құрады. Талдықорған қаласы бойынша – 143 адам, Іле ауданы – 70 адам, Ақсу ауданы – 139 адам, Сарқан ауданы – 122 адам, Алакөл ауданы – 135 адам.
Аталған іс-шара Талдықорған қаласының облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараға аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде өткізгендері үшін Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Төменде тестілеу бойынша статистикалық деректер көрсетілген:
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz