ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу және дамыту жұмыстары екі ауқымды бағытты қамтиды, олар тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру және тестілеу өткізу. Тест тапсырмаларын ҚАЗТЕСТ жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес (Ұлттық стандарттар, Тест спецификациясы, деңгейлердің ерекшеліктері, лексикалық минимумдар) жоғары оқу орындарының, өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының қазақ тілі оқытушылары мен мемлекеттік мекемелердің қазақ тілі мамандары әзірлейді.
Тест тапсырмалары әзірлемешілерінің басым бөлігі Алматы қаласында болғандықтан, 2017 жылдың 1-жартыжылдығына арналған тапсырмаларды жинақтау осы қалада жүзеге асырылды. Сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жалпы саны 8000 тест тапсырмасы (бұдан әрі – ТТ) жинақталды, оның ішінде бөліктер бойынша:
Тест бөліктері |
Әзірлеме-шілер саны |
Бір нұсқадағы ТТ саны |
Бес деңгей бойынша ТТ саны |
Бес деңгей бойынша нұсқалар саны |
ТТ жалпы саны |
Тыңдалым |
8 |
30 |
150 |
14 |
2 100 |
Лексика-грамматикалық құрылым |
8 |
70 |
350 |
9 |
3 150 |
Оқылым |
8 |
50 |
250 |
8 |
2 000 |
Жазылым |
6 |
2-ден 4-ке дейін |
15 |
50 |
750 |
БАРЛЫҒЫ |
30 |
- |
- |
81 |
8 000 |
Ағымдағы жылдың 5-8 маусым аралығында тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өткізіледі. Тест тапсырмаларының сарапшылары – тестілеу және тілдік білім деңгейін бағалау саласында семинарлар, авторлық курстардан өткен қазақ тілі мамандары, филолог-ғалымдар, филология ғылымдарының кандидаттары мен докторлары.
ҚАЗТЕСТ мемлекеттік қызмет тізбесіне кіретіндіктен, тестілеу жеке тұлға үшін де, заңды тұлға үшін де өткізіледі. Аудиоматериалдарды құлаққап арқылы тыңдау мүмкіндігі болмаған жағдайда, тестілеу емтиханы барысында аудиторияда барлық қатысушылар үшін бір ғана аудиофайл тыңдалады. Осыған байланысты жақын отырған тестіленушілердің бір-бірінен көшіру мүмкіндігі пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында осы жылы Тыңдалым бөлігі бойынша жұмыс тобының бір бөлігі мәтін тауып, оны өңдеп, тест тапсырмаларын құрастырса, екінші бөлігі дайын мәтінге тек қана тест тапсырмаларын құрастырды. Аудиомәтін бәріне ортақ болып, тапсырмалары әртүрлі болса, қатар отырған 3-4 адамның тапсырмалары бір-біріне сәйкес келмейді және ол тестіленушіні әділ бағалауға алып келеді.проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz