Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодар облысында кезекті ҚАЗТЕСТ өтті

Павлодар облысы бойынша 3932 мемлекеттік қызметшісі мен қызмет көрсету саласы қызметкерлері қазақ тілін білу деңгейін бағалау тестінен өтті. Өткен жылмен салыстырғанда ҚАЗТЕСТ тестілеуін өтуге ниет білдірушілердің санының артып отырғанын атап айтуға болады. (Мысалы, 2016 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша Павлодар облысында 1209 азамат тестілеуден өтті).

Қорытындысында сертификат берілетін (тиісті ұпайлар санын жинаған жағдайда) тестілеуге 123 адам қатысты, оның ішінде деңгейлер бойынша:

Қарапайым деңгей - А1

Базалық деңгей – А2

Орта деңгей – В1

Ортадан жоғары деңгей – В2

Жоғары деңгей – С1

37

39

28

12

7


Тестілеуге қатысушылардың артуы 2017 жылы «Қазақ тілін: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейде меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері» ұлттық стандарттарының енгізілуіне байланысты болып отыр.

Павлодар облысында 2016 жылы өткізілген тестілеу қорытындысы бойынша облыс азаматтарының басым бөлігі (тестілеуге қатысушылардың арасынан) қазақ тілін қарапайым (19,7%) және базалық (48,2%) деңгейде меңгергендігі анықталды. Бұл көрсеткіштер облыстағы қалыптасқан тіл ахуалының көрсеткіші болып табылады және мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсетуші сала қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін арттыру бағытында жұмыс жүргізуді талап етеді. 

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жж арналған бағдарламасында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қазақ тілін көпшілікке дәріптеу және оның қолданылу аясын кеңейту маңызды мәселе болып табылады. Осыған байланысты, тестілеуге қызмет көрсету саласындағы азаматтарды көптеп қатыстыру және жылдан жылға тестілеуге қатысушылардың контингентін кеңейту қажет, қазақ тілін насихаттау жұмысын, мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы облыс жастарымен жұмыс жұргізу қажет. 

Еске саламыз, мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттырудағы нысаналы индикаторлар ретінде В1 (орта) және С1 (жоғары) деңгейлер анықталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес белгілі деңгейде білуі тиіс кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі ұлттық стандарттардың қосымшасында ұсынылған.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх