Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЗТЕСТ сынағы өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЗТЕСТ сынағы өтті

Ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында Маңғыстау облысы бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін ҚАЗТЕСТ мониторингтік тестілеуін мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері тапсырды.

Облыс бойынша барлығы 886 адам тестілеуге қатысты. Мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі әрбір азаматтың атқаратын қызметіне қарай қазақ тілін меңгеру талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттарға сәйкес іске асырылады.  

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес Маңғыстау облысы өңірі қазақ тілін меңгеру дерәжесі бойынша салыстырмалы түрде алдыңғы қатарлардан орын алады. Мемлекеттік тілді мүлдем білмейтін азаматтар үлесі өзге өңірлерге қарағанда азырақ. Мемлекеттік қызметте барлық құжат айналымы толығымен дерлік мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сондықтан да, мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің де қазақ тілін меңгеру дәрежесі жоғары деңгейден байқалады. Тестілеу нәтижелерін өңдеу барысында алғашқы болжамдар сарапталатын болады.

Тыңдау арқылы мәтінді қабылдау, оқыған материалды түсіну мен қазақ тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымдарын күнделікті тұрмыста қолдану дәрежесі бойынша төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау түріндегі тест тапсырмалары берілді. Әр дұрыс жауап бір балл көлемінде есептеледі. 150 тест тапсырмасынан жауап беру үлесі бойынша деңгейлерге бөлінуі келесі кестеде көрсетілген:

Балл көрсеткіші

Деңгей атауы

Стандартты белгісі

31-64

Қарапайым

А1

65-104

Базалық

А2

105-119

Орта

В1

120-134

Ортадан жоғары

В2

135-150

Жоғары

С1


Қазақ тілін меңгеру талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттар – ҚР СТ 1926-2015, ҚР СТ 1928-2015, ҚР СТ 1929-2015, ҚР СТ 1925-2015, ҚР СТ 1927-2015 қолданысқа 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Бұл құжат еліміздегі азаматтардың мамандықтарына, лауазымдары мен кәсіптеріне қарай мемлекеттік тілді қандай көлемде меңгеру қажеттігін анықтайды. Өз кезегінде осы арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру міндеттері орындалатын болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх