Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тестілеуі жаңа қарқын алуда

ҚАЗТЕСТ – ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты республикалық маңызы бар жоба болып табылады. Айырмашылығы тек тестілеу контингентінде! ҚАЗТЕСТ тестілеуін Қазақстан Республикасының барлық ересек тұрғындары: мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық компаниялар, корпорациялар, холдингтер, акционерлік қоғам қызметкерлері, бір сөзбен айтқанда, мектеп түлектерінің ата-аналары. Тіпті тест құрылымында да ұқсастық бар: түлектердің оқу сауаттылығы енді ғана бағаланып отырса, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Оқылым бөлігі 10 жыл бойы бағаланып келеді.    

Әрине, мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы флагман ретінде ҚАЗТЕСТ маңыздылығы әлдеқайда асып түседі. Ұлттық бірыңғай тестілеуде әрбір мектеп бітіруші түлектің жеке қызығушылығы есепке алынса, ҚАЗТЕСТ жүйесінің мақсаты Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру болып табылады. Өз тілін құрметтейтін әрбір ел сияқты, әрбір басшы, өзі басқарып отырған мекемеде ҚАЗТЕСТ өткізілуіне ерекше мән беріп, тиісті құрметпен және жауапкершілікпен қарауы керек. 

Сонымен, бүгін ҚАЗТЕСТ өз жұмысын: Жамбыл, Павлодар және Маңғыстау облыстарында бастады. Жамбыл облысындағы тестілеуге осы жолы барлық филологтар, яғни орта мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысуда. Бүгін, 2017 жылғы 24 сәуірде 469 қазақ тілі мәні мұғалімі тестілеуден өтті. Өз ісінің мамандары тестілеу мәтіндеріне аса қызығушылықпен қарап, оқушыларды осындай мәтіндер мен аудиоматериалдар бойынша емтиханға дайындауға болатындығын айтты. 

Павлодар облысында бүгінгі күні 1000-ға жуық адам тестілеуге қатысуда. 

Маңғыстау облысы тестілеуге дайындық үстінде. Ертеңнен бастап, 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлерін тестілеуден өткізу жоспарлануда.

Өткен аптада Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы сияқты үш ірі өңірде ауқымды тестілеу өтті. 

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін жалғыз тетік – ҚАЗТЕСТ екенін түсінетін және оны дұрыс қабылдайтын әрбір адам осы уақытқа дейін түрлі қиындықтарды басынан кешіріп, тіпті мемлекеттік тілдің жойылып кету қаупі төнсе де төтеп берген және алға озып шыққан еліміздің дамуына өз үлесін қосуда! 



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх