Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Білім көрмесінде ҚАЗТЕСТ кітаптары таныстырылды

3.jpg
Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасы Алматы қаласында осы жылдың 6-8 сәуір аралығында өткізілген «Білім және мансап» атты қазақстандық халықаралық көрмеге қатысты. Көрмеде қазақ тілін үйренуге арналған А1-қарапайым және А2-базалық деңгейлері бойынша әзірленген «Қазақ тілі» оқулықтар мен жаңа Бірүлгі (типтік) бағдарлама таныстырылды. 

Жалпы, көрмеде заманауи білім беру үдерісінің жаңа бағдарламалары мен ғылым және білім беру инновацияларының сапасын қамтамасыз ету үшін, білім беру сапасын көтеру мақсатында соңғы жетістіктер мен технологиялық құралдар ұсынылды. Бұл жаңалықтар жоғарғы оқу орындарының болашақ талапкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Көрмеге 150-дей ұйым өкілдері жұмылдырылды. 8500 адам танысушы ретінде көрмеге жиналды. Оның ішінде мектеп оқушылары, ата-аналар, студенттер, ынтымақтастыққа мүдделі түрлі сала өкілдері, әртүрлі сала мамандары қызығушылықтарын танытып жатты. Республикамыз бойынша біздің білім саласындағы мамандарымыз ғана емес, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарының өкілдері де белсенділіктерін көрсетті. Айта кету керек, әрине, ең басты назар ҰБТ форматында болды. Көрмеге келушілер ҰБТ-ға енгізілген өзгерістердің сипаты туралы мәселелерді көтерді. Мектеп бітірушілердің назарын аударған бұл тест құрылымындағы жаңа өзгерістерді түсіндірумен қатар, оқушылар байқау сынағы ретінде арнайы кабинетте тегін тест сынақтарынан өтті. 3 күнде 482 оқушы байқау сынағына қатысты. 

ҚАЗТЕСТ, яғни мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мен бағалау туралы ақпарат халықаралық «Болашақ» стипендиясының үміткерлері мен ғылыми кадрларды даярлау үшін тағылымдамалар, сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін маңыздылығын көрсетті. Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ туралы көбісінің білетіндігі қуантарлық жағдай. Көрмеге келушілердің көпшілігі өздерінің қызмет орындарында ҚАЗТЕСТ тапсырып, қанша балл жинағандарын және тыңдау, есту арқылы орындалатын тапсырмалардың қаншалықты қиындық туғызғандығы жайлы өздерінің ойларымен бөлісті. Көпшіліктің ортаға салған пікірлерін ескере отырып, мұндай күрделі мәселелерді шешуде мұғалімдер мен қазақ тілі оқытушыларының еңбектерінен үлкен көрініс табатыны сөзсіз. Тыңдалым бойынша жақсы нәтижеге жету үшін, телеарналардан қазақ тіліндегі бағдарламаларды қарап, жұмысқа бара жатқанда көлікте қазақша радио тыңдап, қазақ тіліндегі фильмдерді көру мен қазақша әндерді тыңдау ең жақсы нәтижеге қол жеткізетін жеңіл және ыңғайлы мүмкіндік. 

Біздің қазақ тіліндегі деңгейлерге арналған оқулықтар мен грамматикалық анықтағыш Варшава (Польша Республикасы) медициналық университетіндегі әріптестеріміздің жоғары деңгейде бағалаулары мен қызығушылықтарына ие болды. ҚАЗТЕСТ-тің оқу-құралдары Қытай Халық Республикасынан келген қазақ тілінің мамандарының да қызығушылықтарын оятты. 

Алматы қаласының өзінде қазақ тілін білмейтін, қазақ тілін үйренгісі келетін жастардың қатары көптеп кездеседі. Орыс тілін қолданушылар қарапайым сұрақтардың өзіне жауап бере алмайды: «Есіміңіз кім?», «Қазақша сөйлей аласыз ба?», «Қандай мамандық таңдайсыз?» деген тәрізді сөздерді айтуға болады. Осы топтағы жастарымыз ағылшын тілін еркін меңгерген, басқа елде білім алғылары келеді. Осы сәтте Қ. Мырзалиевтің өлеңінен үзінді еріксіз еске түседі: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», «Өз тіліңді – бірлік үшін, өзге тілің – тірлік үшін». Ендеше өз тіліміздің қадірін біліп, туған тіліміздің болашағын ойлайық. Өзге елден білім мен ілімді үйреніп, өз елімізде жемісін көрсетуді біздің аз да болса қосқан үлесіміз болар еді. Еліміздің болашағының жарқын болуы біздің қолымызда.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх