Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз аралығында Алматы қаласындағы, Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімдері ҚАЗТЕСТ бойынша тест тапсырмаларын орындап шықты.
Ұлттық стандарттардың ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік тілде білім деңгейлерін анықтау барысында қазақ тілі мамандары – жоғары (С1) деңгейді, аға оқытушылар мен әдістемелік бірлестіктің жетекшілері – А1, А2, В1 деңгейлері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес тест тапсырмаларын орындап шығуы тиіс.
Сертификаттық тестілеуден өткен қызметкерлердің жалпы саны – 88 адамды құрады. Тестілеу кезінде кейбір тест тапсырушыларға қиындық туғызған Тыңдалым және Жазылым бөліктері болды. Алайда қазақ тілінің мамандары аудиомәтінді тыңдай отырып орындайтын тапсырмаларды оқыту әдістемесіндегі маңыздылығына ерекше баға берді. Сонымен қатар, Оқылым бөлігіндегі тапсырмалар да қызығушылықтарын оятты. Тестілеудің қорытындысы Жазылым бөлігі бойынша жүргізген сараптамадан кейін ғана белгілі болады. Сертификаттық тестілеуден өту үшін әрбір бөліктің талаптарына сәйкес пайыздық көрсеткіштерге (60%) қол жеткізу қажет:
Тыңдалым: 30-дан – 18;
Лексика-грамматикалық құрылым: 70-тен – 42;
Оқылым: 50-дің – 30; Жызылым: 30 ұпайды құрайды.
Ең бастысы, мектеп ұстаздарының ақ ниеттілігін, ұйымшылдығын ерекше атап өту керек. Тіпті оқушылардың өте тәрбиелі, ұстаздары мен келген қонақтарының алдында өзін-өзі ұстауы, білімге деген ұмтылыстары, жетістіктері көңіл толтырарлықтай.
Келесі күні мектеп ұстаздары мен оқушылары көктемнің жайдары мерекесі – Наурызды жақсы көңіл күймен қарсы алды.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz