Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ стандартын түсіндіруге негізделген шеберлік сыныбы» тақырыбындағы облыстық семинар өтті
ҚАЗТЕСТ стандартын түсіндіруге негізделген шеберлік сыныбы» тақырыбындағы облыстық семинар өтті


Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы республикалық Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, 2013 жылдан бастап тұрақты негізде облыстың мемлекеттік және азаматтық қызметшілерін тестілеуден өткізуде. 2013-2016 жылдар аралығында тест жұмыстарымен 12424 адам қамтылып, оның 11737-сі өздерінің мемлекеттік тілді түрлі деңгейде білетіндерін растады. 3702 адам (31,5%) қазақ тілін орта деңгейде білетіндерін дәлелдесе, 237 адам (2%) жоғары деңгейді көрсетті. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік бағдарламада айқындалған мақсатқа қол жеткізу үшін жеткіліксіз болғандықтан, қызметкерлерді Қазтест тапсыруға алдын ала дайындау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігін көрсетіп отыр.


Осы орайда, қызметшілерді Қазтест тапсыруға дайындау, әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік тілді «Қазтест» стандарты негізінде оқытудың инновацияларымен таныстыру мақсатында Қарағанды қаласындағы «Болашақ» академиясының бас ғимаратында ҚАЗТЕСТ стандартын түсіндіруге негізделген шеберлік сыныбы» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.


Семинар жұмысына облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Іс-шара барысында «Назарбаев Университеті» қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Зейнехан Сейтханқызы Күзекова және «Haileybury Astana» британдық мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, қазақ филологиясының магистрі Айдар Қалайбердіұлы Балабеков ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеруді бағалау жүйесін кеңінен түсіндіріп, оқытудың Ұлттық стандарты бойынша оқытудың жаңа әдістемелерімен бөлісті.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх