Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Жамбыл облысында ҚАЗТЕСТ семинарлары өтті
Жамбыл облысында ҚАЗТЕСТ семинарлары өтті


2017 жылдың 27 ақпан 3 наурыз аралығында Жамбыл облысында ҚАЗТЕСТ семинарлары өтті. Семинарларға облыстағы мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызмет көрсету салаларының, әскери қызмет саласының қызметкерлері және өзге де салалар қызметкерлері қатысты. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Тұрар Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандарында және Тараз қаласында барлығы 9 семинар ұйымдастырылды.


Семинарлардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес әрбір жергілікті атқарушы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру мен оған ықпал етуші нормативті құжат – қазақ тілін меңгеру талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттарды қолданысқа енгізу тетіктері бойынша ұсыныстарды талдап, нақты іс-шараларды анықтау.


ҚР Премьер-Министрі төрағалық ететін Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның 2016 жылғы 23 желтоқсандағы отырысында барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар ұлттық стандарттарды қолданысқа енгізуге, 2017 жылдан бастап соның негізінде ҚАЗТЕСТ тестілеулерін жыл сайын өткізу арқылы мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілген. Осы ретте, Жамбыл облысы аудандар мен қалалары бойынша ҚАЗТЕСТ тестілеулері нәтижелеріне талдау жасалып, ұлттық стандарттардың жаңа редакциясындағы әрбір азаматтың мамандығы, кәсібі мен атқаратын лауазымына қарай мемлекеттік тілді қандай көлемде меңгеруі туралы тізбе бойынша кеңестер берілді. Тізбе арқылы әрбір қазақстандықтың өзінің елі алдындағы азаматтық парызы мемлекеттік тілді белгілі көлемде меңгеруіне бағыт-бағдар беретін құжат бола алатындығы айтылды, пікіралмасулар жасалды.


Елдегі азаматтардың мемлекеттік тілді тегін әрі еркін меңгеруі үшін Үкімет тарапынан жасалып отырған ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық мүмкіндіктердің барлығы тағы да баяндалды. Мемлекеттік тілді меңгермеген немесе тереңірек меңгеріп жүрген азаматтар үшін тегін түрде қызмет көрсетіп отырған тіл оқыту орталықтары, инфроқұрылым, оқыту әдістемелерінің әралуандығы, ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып, әзірленіп, қолданысқа тегін ұсынылып отырған электрондық оқулықтар, сөздіктер, тестілеуден өту бағдарламалары туралы барлық мәліметтер талқыланды. ҚАЗТЕСТ тестілеуі арқылы жыл сайын азаматтардың қалауы бойынша қазақ тілін қандай деңгейге жақын меңгергендігін анықтау тестілеуінің ықпалы туралы жеке баяндалды. Ендігі кезеңде Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мемлекеттік тілді орта (В1) және жоғары (С1) деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларының қызметкерлерінің үлесін арттыру міндетін орындау жолдары нақтыланды. Осы арқылы аталған бағдарламадағы белгіленген межеген облыс бойынша жету тетіктері талқыланып және осының негізінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен мәртебесін арттыру міндетін іске асыру жолдары белгіленді.


Аталаған іс-шараға мұрындық болған Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы мен басқармаға қарасты Тілдерді оқыту орталығының ұжымына алғыс білдіреміз. Өзге де өңірлерде аталған іс-шара жалғасын табатын болса, ұлттық стандарттарды қолданысқа енгізу мен ҚАЗТЕСТ тестілеуі арқылы Мемлекеттік бағдарламаның міндеттерінің сәтті орындалуына ешқандай күмән қалмайды.


Еске сала кетейік, қазақ тілін меңгеру талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Стандарттарды Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Нормативті-техникалық құжаттардың мемлекеттік біріңғай қоры арқылы алуға болады.  



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх