Алматы облысы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өтті. Іс-шара облыстағы 2012-2016 жылдары өткізілген диагностикалық тестілеулердің жалғасы болып табылады. Ағымдағы жылдың 21-24 ақпаны аралығында өткен тестілеуге мемлекеттік қызметшілермен қатар, азаматтық қызметтегі мектеп директорлары, мұғалімдер, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілері, бас дәрігерлер мен аурухана медициналық персоналы қатысты. Тестілеуге жалпы 838 адам қатысты, олардың 136-сы сертификаттық тестілеуден өтті.
Сертификаттық тестілеуден өткен қалалар мен аудандар:
|
Қалалар мен аудандар |
Базалық деңгей (А2) |
Орта деңгей (В1) |
1 |
Талдықорған қаласы |
3 |
9 |
2 |
Текелі қаласы |
14 |
15 |
3 |
Қаратал ауданы |
15 |
15 |
4 |
Кербұлақ ауданы |
15 |
15 |
5 |
Іле ауданы |
15 |
20 |
|
|
62 адам |
74 адам |
Диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша облыста В1 (орта) деңгейде мемлекеттік тілді меңгергендер тестіленушілердің 35% құрайды.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz