Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Халықаралық ана тілі күніне орай Алматы қаласы Достық үйінде өткен іс-шара барысында ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтті
Халықаралық ана тілі күніне орай Алматы қаласы Достық үйінде өткен іс-шара барысында ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтті


2017 жылғы 21 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне байланысты Алматы қаласы Достық үйінде салтанатты іс-шара өткізілді.


Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы этнос өкілдерінің көп тілділігі мен мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен лингвистикалық алуан түрлілігіне қолдау көрсету. «Тіл бірлігі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қалалық мәслихат депутаттары, жексенбілік сыныптардың оқытушылары мен оқушылары, Алматы қаласының ЖОО студенттері, Алматы қаласы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының жеңімпаздары, этномәдени бірлестігінің жастары, БАҚ өкілдері қатысты.


Іс-шараға қатысушылардың алдында Қазақстан Халықтары Ассамблеясының төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н., Әдебиет және өнер институтының директоры Қалижанов У.К., Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ө. Айтбаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы мұражайдың директоры Қайырбеков Ә., қоғам қайраткері Асылы Осман, Алматы қаласының ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ниязова Н.И., Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қалымбет Б.Ә., «Возрождение» Қазақстан немістері қауымдастығының жастар мәселелері жөніндегі сарапшысы Артур Бартель сөз сөйледі.


«Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Жақиянов Т.Ж. «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының 2016 жылғы есебімен таныстырып, 2017 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарын жариялады.


Іс-шара барысында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының Алматы қаласы бойынша 2016 жылғы жеңімаздары, сонымен қатар оларды сайысқа дайындаған қазақ тілі мұғалімдері алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (ҚАЗТЕСТ) қазақ тілі оқытушыларына сабақ үйретуге арналған оқулықтарды сыйға тартты.


«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының Алматы қаласындағы 2016 жылғы жеңімпазы Мамедов Туралы сөз сөйлеу барысында өсіп келе жатқан ұрпақты мемлекеттік тілді игеруге шақырып, 2017 жылы Алматы қаласында өтетін «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасына бастама берді.


Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің жастары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап ана тілінде жазылған авторлық өлеңдерін оқыды.


Осы күні сағат 12.00-де Достық үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдени қайраткері, танымал жазушы, кинодраматург, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Смағұл Абатұлы Елубай этномәдени бірлестіктердің жастарымен кездесті. Кездесу барысында танымал жазушы жас ұрпаққа өзінің шығармашылығы туралы баяндап, халықтың материалдық және рухани мұрасын сақтап, дамытудың бірден бір жолы тіл екендігін атап өтті.


Сондай-ақ, сол күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдері қазақ тілін игеру деңгейін анықтау мақсатында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтихан тапсырды.


Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қазақстан» және «Хабар Агенттігі» АҚ телеарналары, «Коре Ильбо» газетінің бас редакторы, «Жийана курд» газетінің бас редакторы қатысты. Іс-шараға 170 адам қатысты.


Ағымдағы жылдың 20-24 ақпан аралығында Алматы қаласы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының бастамасымен 500-ден астам адам ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуінен өтті. Тестілеуге Алматы қаласы Республикалық Достық үйі жұмыспен қамтамасыз ету қызметі, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ЖОО (ТҰРАН, UIB, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясы) этномәдени құрылымдарының мүшелері қатысты.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх