Ағымдағы жылдың 23-28 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің жеке құрамы ҚАЗТЕСТ тапсырды. Тестілеудің мақсаты – әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау. Тестілеу Шығыс Қазақстан облысының Семей және Аягөз қалаларында өткізілді. Әскери қызметшілермен қатар Семей қаласының мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, сонымен қатар Аягөз гарнизонының әскери полиция бөлімі қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсыруға ниет білдіріп, байқау сынағынан өтті.
Жалпы тестілеуге 831 адам қатысты. Тестіленушілер емтихан тәртібін қатаң түрде сақтап, тест мазмұнына үлкен мән бере отырып орындады.
Айта кететін жағдай, қазіргі уақытта басқа да әскери бөлімдерден ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізуге ұсыныстар түсіп, республикамыздың бірнеше өңірінде, атап айтқанда Алматы облысы және Астана, Алматы қалаларында диагностикалық тестілеу өткізіліп жатыр.
Диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша тестіленушілердің 11%-ы мемлекеттік тілді қарапайым-А1 деңгейде, 66 %-ы базалық-А2, 17 %-ы орта-В1, 6%-ы ортадан жоғары, 0,1 %-ы жоғары-С1 деңгейде меңгергені анықталды.
Ұлттық тестілеу орталығы аталған іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы, Аягөз аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары мен қызметкерлеріне алғыс білдіреді.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz