Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер  қазақ тілінен тест тапсырды
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінен тест тапсырды
2013 жылғы 16-19 сәуір аралығында Павлодар облыстық әкімдігінің қолдауымен «Ұлттық тестілеу орталығы» облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу өткізді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде өткізілген тестілеуге барлығы 733 адам қатысты.
Тыңдап түсіну қабілетін бағалау үшін 30 тест тапсырмасы, оқып түсіну деңгейін бағалауға 50 тапсырма және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті тілдік қатысымда қолдану дәрежесін анықтауға 70 тапсырма ұсынылды. Барлығы бір нұсқада 150 тест тапсырмасы бар. Тест тапсыруға 150 минут  (2 сағат 30 минут) берілді.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыруға арналған бұл іс-шараға тестіленушілер оң көзқарас білдірді.
Тестілеу нәтижесі мемлекеттік тілді меңгеруге деген уәждеменің артуына ықпал етеді, мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың тағы да бір жолы болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх