Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№1119 қаулысымен бекітілген 

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандарты 


1. Жалпы ережелер 
1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК) көрсетеді. 
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 
3. Құжаттарды қабылдау және қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу мынадай нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптары; 
2) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4, 23-баптары. 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ҚАЗТЕСТ жүйесінің www.kazakhtest.kz ресми сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты міндетті түрде орналастырылатын орын: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, 3-қабат, 15-кабинет. 
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік сертификат (тестіленуші қажетті балды жинай алмаған жағдайда, жүйенің блоктары бойынша нәтижелері көрсетілген ведомость беріледі) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген (тіркелу, талон алу сәтінен бастап және т.б.) уақыттан бастап – 30 минут; 
1) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызмет түрін алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 минут; 
2) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 3 сағат. 
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Аталған қызмет түрінің құны ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның білім беру ұйымдарында білім деңгейін тестілік бақылау жүргізу кезіндегі қосымша қызметтердің баға көрсеткішіне сай келеді. 
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін келесі тәсілдердің біреуі арқылы ақы төлей алады: 
1) 1-тәсіл – Ұлттық тестілеу орталығында; 
2) 2-тәсіл – екінші деңгейлі Банкте (филиалында). 
9. Мемлекеттік қызмет Ұлттық тестілеу орталығының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 8 (7172) 518306, 8 (7172) 518310 телефондары бойынша алдын ала жазылу арқылы көрсетіледі. 
10. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, 3-қабат, 14-кабинет. Мемлекеттік қызмет «Тыңдалым» бөлігі бойынша аудиоматериалдарды тыңдауға мүмкіндік қарастырылған мәжіліс залында көрсетіледі. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Ұлттық тестілеу орталығына (Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, № 14-кабинет, байланыс телефоны 51-83-06) мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 
1) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы; 
2) Ұлттық тестілеу орталығы берген қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергендігін растайтын сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда); 
3) төлем туралы түбіртек; 
4) толтырылған өтініш бланкісі. 
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті өтініш бланкісін Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, № 14 кабинеттен алуға болады, байланыс телефоны: 51-83-06. 
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініш бланкісін, төлем жасалғанын растайтын түбіртекті қабылдап алуға жауапты қызметкерлер болып Астана қ., Жеңіс даңғылы, 67 мекенжайында орналасқан Ұлттық тестілеу орталығы «Тестілеуді ұйымдастыру» ғылыми-әдістемелік зертханасының қызметкерлері саналады. 
14. Ұлттық тестілеу орталығына өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады және өтініш бланкісін келесі ақпараттарды көрсете отырып толтырады: 
1) мемлекеттік қызметті алушы туралы деректер; 
2) тестілеуден өту мерзімі; 
3) тестілеу түрі: 
деңгейді анықтау (жалпы меңгеру); 
деңгейді бағалау (қарапайым, база, орта, ортадан жоғары және жоғары); 
4) өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә.; 
5) өтініш толтырылған күн; 
6) басқа да қажетті ақпарат. 
15. Қолхат мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғандығын растайтын құжат болып табылады. 
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі ¬– мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) өзі келіп алуы. 
17. Осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. 

3. Жұмыс қағидаттары 
18. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік ұйым басшылыққа алатын қағидалар: 
1) тестіленуші құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және оның құпиялығын сақтау; 
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөнінде толық ақпарат беру; 
3) белгіленген уақытта ала алмаған мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету; 
4) қызмет көрсету үдерісінің айқындылығы; 
5) емтихан материалдарының құпиялылығын қамтамасыз ету; 
6) мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің сыпайылығы; 
7) емтихан өткізу орындарында ыңғайлылық және қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету. 

4. Жұмыс нәтижелері 
19. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сай сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 
20. ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық және қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі. 

5. Шағымдану тәртібі 
21. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67 мекенжайында орналасқан ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы түсіндіреді. 
22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне жүгіне алады, байланыс телефондары 8-7172-74-23-69, 74-23-72, Астана қаласы, Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі, № 11 кіреберіс, 8-қабат, № 835 кабинет. 
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар. 
24. Шағымдану кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысанда өтініш береді, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. 
25. Қабылданған шағым жоғары оқу орнының кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі. 

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. 

Қосымша. «Сапа мен тиімділік көрсеткіштері» 

Aqparattyʹq materiʹaldar

Информационные материалы

QAZTEST juʹiʹesi boiʹyʹnsʹa kompiʹyterlik testileyʹ

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх