Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Ұлттық тестілеу орталығы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» (бұдан әрі ҰТО) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 1993 жылы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығымен құрылды. ҰТО қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын техникалық-ұйымдастырумен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізу.

ҰТО оқушылардың, студенттердің және магистратураға, докторантураға үміткерлердің білім сапасын бақылау, білім жүйесінің мониторингі, Қазақстан Республикасында ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу технологиясы арқылы студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта және жоғары білім беретін ұйымдардағы білім алатын оқушылар арасында мемлекет аралық бақылауды, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі бойынша ғылыми зерттеулерді, Отандық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен үндесуін жүзеге асырады.

 


Ұлттық тестілеу орталығының қызметтері

 


Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.

ҰБТ орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін өткізіледі.


Оқу жетістіктерінің сыртқы бағалауы

Оқу жетістіктерінің сыртқы бағалауы (ОЖСБ) – бұл білім беру мекемесінен тәуелсіз білім беру сапасына мониторингтің бір түрі. ОЖСБ құзырлы орган арқылы іске асырылады. Негізгі мектептің білім берудің ары қарайғы бағытын анықтау мақсатында 9(10)-сыныбында, жалпы мектепте оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында 12-сыныпта, жоғарғы оқу орындарында таңдау бойынша оқу бағытына сәйкес оқу бағдарламасын меңгергендігін бақылау мақсатында меншіктілігі мен ведомостволық бағыныштылығына қарамастан барлық оқыту түрлері бойынша білім алатын соңғы курстың студенттері (4-ші курста) арасында өткізіледі.


Талапкерлерді кешенді тестілеу

Талапкерлерді кешенді тестілеу (бұдан әрі – ТКТ) – ақпараттық технологиялар пайдаланып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

ТКТ өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі. 


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары

Сыртқы мемлекеттік бақылау магистратура және Ph.D докторантураға қабылдау барысында шетел, қазақ және орыс тілдерінен ҰТО технологиясы бойынша өткізілетін қабылдау емтихандары кезінде жүзеге асырылады.

Тіл бойынша қабылдау емтихандары аймақтық орталықтарда кешенді тестілеу түрінде өткізіледі. Аймақтық орталықтар үміткерлердің бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында және қабылдау емтихандарының нәтижесінің объективтігін жоғарылату мақсатында құрылады.



Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ

Ұлттық тестілеу орталығында 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ қалыптастырыла бастады.

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.


Информационные материалы

Информационные материалы

Онлайн-тестирование

Информационные материалы

Компьютерное тестирование по системе КАЗТЕСТ

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх