Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Қарапайым деңгей cипаттамасы

Тіл қолданушы күнделікті қатысым жағдаяттарда қарапайым коммуникативті құзыреттілігінің шектелген түрін қанағаттандыра алады. Тіл үйренуші нақты міндеттерді орындауға қажетті таныс фразалар мен сөйлемшелерді пайдалана алады; өзін және басқа біреулерді таныстыра алады, тұратын мекен-жайы, таныстары, мүліктері туралы сұрап, жауап бере алады. Тілдесушінің асықпай, анық айтқан сөздерін түсініп, жеңіл сөйлесімдерге қатысады және қажетті көмек көрсете алады.

ТЫҢДАЛЫМ

Жай, асықпай, анық айтылған сөздерді түсінеді, қарапайым нұсқауларды орындай алады.

ОҚЫЛЫМ

Өте қысқа қарапайым мәтіндер, қарапайым қысқа сипаттамалар, әсіресе суреттер арқылы келген сипаттамалар, қарапайым және қысқа жазбаша құрылымдар, мысалы, қарапайым қысқа ашық хаттар, қарапайым хабарландыруды, таныс есімдер, сөздер жай сөйлемдерді оқи алады.

Әр фразаны жеке-жеке оқу, мәтін бөліктерін қайталап оқу

Жалпы бағдарлық мақсаттағы оқылым

Таныс есімдерді, сөздерді, күнделікті өмірде кездесетін

жағдайлардағы өте қарапайым фразалар мен хабарландыруды түсіну

Ақпараттар мен дәйектемелер алу мақсатындағы оқу

Қарапайым ақпараттық материалдың және қарапайым қысқа сипаттамалардың негізгі идеясын, әсіресе көрермендер қолдауы болған жағдайларда, түсіне алады.

Нұсқауларды оқу

Қысқа, қарапайым жазбаша нұсқауларды басшылыққа ала алады (Мысалы, Х пунктінен У пунктіне қарай жүру).

Хат-хабарларды оқу

Қарапайым қысқа мазмұнды ашық хаттың мазмұнын түсіне алады.

ЖАЗЫЛЫМ

Өзінің қайда тұратынын, жұмысы және өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдер мен фразаларды жаза алады.

Бір-бірімен байланыссыз жай сөйлемдерді жаза алады

АЙТЫЛЫМ

Қарапайым сұхбаттарға қатысым барысында сөздер жай айтылып, бірнеше қайталанып отырады. Түсіндірме жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Өзіне өте таныс тақырыптар жөнінде қысқа сұрақтар қойып, сол сияқты сұрақтарға жауап бере алады. Өзіне тікелей бағытталған қарапайым нақты лебіздерді түсіне алады. Сұхбат барысында әңгіме жай нақты айтылуы қажет. Адамдар мен мекен-жай туралы өзара байланыссыз сөйлемдер айта алады. Өзінің мекен-жайы, қызметі, өзі туралы сипаттай алады. Сұхбат кезінде өзінің өмірі туралы нақты және жай айтылған қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.

Өзі, қызмет істейтін жері, тұратын мекен-жайы туралы сипаттап бере алады. Өте қысқа алдын-ала дайындалған хабарламаларды, баяндамашыны, тілек айтушыны таныстыра алады.

Базалық деңгейдің сипаттамасы

Коммуникативтік құзыреттіліктердің бастапқы деңгейі тіл қолданушы тұрмыстық, жалпы мәдени салаларда базалық коммуникативтік қажеттіліктерді қанағаттандыра алатынын растайды. Тіл қолданушы өмірдің негізгі салаларымен байланысты бөлек сөйлемдер мен жиі пайдаланатын сөйлемшелерді түсінеді (өзі, өз отбасы мүшелері, жұмысқа орналасу және т.б. туралы негізгі мәліметтер бере алады); таныс немесе тұрмыстық тақырыптар бойынша ақпаратпен алмасу міндеттерін орындай алады. Өзі, өз туыс-жақындары туралы дара сөйлемшелермен айтып бере алады; күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайды.

ТЫҢДАЛЫМ

Күнделікті тұрмыстық жағдайларда (отбасы, жұмыс, көлік және т.б. туралы) анық, жай айтылған ақпараттарды түсіне алады. Өзіне қаратып жай айтылған өтініштерді орындай алады. Қысқа айтылған хабарландыру мен ақпараттардағы негізгі ойды түсіне алады.

ОҚЫЛЫМ

Таныс, нақты, қысқа мәтіндер. Қарапайым, қысқа мәтіндер, мысалы: жеке немесе іскерлік хаттар, факстер, күнделікті, хабарландырулар, жарнама, т.б.

Қарапайым, қысқа мәтіндерді түсіне алады, күнделікті қажетті ақпараттарды мәтін ішінен таба алады.

Күнделікті тілдік қолданыстағы және мамандыққа қатысты шектеулі мәтіндерді оқи алады.

Оқығанды жалпылама түсіну

Өте қысқа қарапайым мәтіндерді фраза бойынша оқи отырып, таныс есімдерді, сөздерді және қарапайым

фразаларды қажеттілігіне сай қайта оқи отырып түсіне алады.

Таныс тақырыпқа арналған нақты ақпаратты қамтыған және күнделікті немесе кәсіби тілмен жазылған қысқа, қарапайым мәтіндерді түсіне алады. Көптеген тілдерде бірдей қолданыла алатын, өте жиі қолданылатын сөздері бар қарапайым мәтіндерді түсіне алады.

Күнделікті немесе кәсіби-бағдарлы тілмен жазылған және нақты мәліметті беретін таныс тақырыптағы қарапайым қысқа мәтіндерді түсіне алады.

Нұсқауларды оқу

Күнделікті немесе кәсіби-бағдарлы тілмен жазылған және нақты мәліметті беретін таныс тақырыптағы қарапайым қысқа мәтіндерді түсіне алады.

Ақпараттар мен аргументтер алу мақсатындағы оқу

Қарапайым жазба түрде берілген күнделікті кездесетін хат, кітапша және қысқа газет мақалалардағы ақпаратты көрсете алады.

Хат-хабарды оқу

Таныс тақырыптағы стандартты шаблонмен жазылған қарапайым хаттарды және факстерді түсіне алады (тапсырыс, бір нәрсені құптайтын хат, кепілхат және т.б.). Қысқа қарапайым, жеке мақсаттағы хаттарды түсіне алады.

Күнделікті өмір туралы бір-бірімен байланысты бірнеше сөйлем құрай алады: адамдар жұмысы немесе оқу орны туралы, күнделікті оқиғалар, айналысатын жұмысы және жеке тәжірибесі туралы қарапайым сипаттаманы өте қысқа түрде жаза алады. Оқиғаларды баяндайтын хат, кітапша, газет мақалалары сияқты қысқаша жазба материалдарын нақты ақпараттарды ажырата алады. Теледидар бағдарламаларын оқиғалар туралы репортаж жаңалықтарының негізгі ойын түсіне алады (келеңсіз оқиғалар, т.б.).

ЖАЗЫЛЫМ

Күнделікті өмір туралы бір-бірімен байланысты адамдар, жұмыс немесе оқу орны туралы бірнеше сөйлем құрай алады. Күнделікті оқиғалар, айналысатын жұмысы мен жеке тәжірибесі туралы

қарапайым сипаттаманы өте қысқа түрде жаза алады.

«Және, бірақ, себебі, сияқты» жалғаулықтармен байланысқан сөйлемдер мен фразалар қатарын жаза алады.

АЙТЫЛЫМ

Таныс тақырыптарға қысқа, қарапайым баяндама жасай алады. Баяндама бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Сұхбат барысында қайталау мен түсіндіруді сұрай отырып, өзіне таныс тақырыптарға сұхбат беріп, пікірталасқа, негізгі ойлар бойынша қатысымға түсе алады. Қарапайым ақпараттар алысуға қатыса алады. Күнделікті әрекеттер бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Орын алған әрекет түрлері мен уақытты өткізу туралы сұрақтарға жауап бере алады. Қарапайым нұсқау айтып, кеңес бере алады. Қызмет көрсету саласында тауар түрлері туралы сұрай, ұсына алады. Сапар туралы, қоғамдық көлік туралы ақпараттарды сұрай алады. Пошта, банк, дүкенде ақпараттарды (бағасы, түрі, саны туралы) сұрай алады. Қарапайым түрде сауда-саттық жасап, тапсырыс бере алады. Өтініш айтып, уақыт, баға, сан туралы сұрай алады.

Орта деңгейдің сипаттамасы

Тіл қолданушы қазақ тілділермен тілдік қатысымға түскенде негізгі коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Жұмыста, оқуда, бос уақытта кездесетін әртүрлі тақырыптар бойынша әдеби тілде жасалынған нақты хабарлардың негізгі ойларын түсінеді. Тіл қолданушы белгілі немесе өзін ерекше қызықтыратын тақырыптарға байланысы бар мәлімет бере алады. Өз таңданысын, әсерін, үмітін, ниетін, оқиғаларды сипаттап, келешектегі жоспары мен пікірін негіздей біледі.

ТЫҢДАЛЫМ

Радиодан, үнтаспадан таныс тақырыптарға анық және жай айтылған мәтіндердегі негізгі мәліметтерді; өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша радиодан бірқалыпты берілген ақпараттардан қажетті мәліметтерді; өз кәсібі бойынша қарапайым және таныс тақырыптарға баяндалған дәріс пен сұхбаттарды; өз жұмысына, мектепке, демалысқа және т.б. жағдайларға қатысты таныс тақырыптарда жиі кездесетін сұхбаттарды, әңгімелерді таныс сұрақтар бойынша түсіне алады.

ОҚЫЛЫМ

Өзін қызықтыратын салаға қатысты мәліметтерді тікелей алуға болатын мәтіндер. Күнделікті қолданылатын материалдар, мысалы, хаттар, буклеттер, қысқа ресми құжаттарды; таныс оқиғалар мен олардың сипаттамасын тікелей баяндайтын (мазмұндайтын) газет мақалаларын; анық құрылған дәлелдемелер тізбектерді; әр түрлі сезімдер мен тілектерді білдіретін

жеке хаттарды; белгілі бір қондырғыны (жабдықты) пайдалану жөніндегі нақты баяндалған нұсқауларды оқи алады. Рет-ретімен баяндалған мәліметтерді; жалпы түрде берілген аргументтер тізбегін түсінеді (барлық

бөліктерді түсінуі міндетті емес).

Қарапайым құрылымдарды түсінеді. Күнделікті қолданылып жүрген материалдардан өзіне қажетті ақпаратты таба алады. Ұзақ немесе бірнеше қысқа мәтіндерден қажетті ақпаратты таба алады. Күрделі емес мәтіндегі дәйектемелер тізбегін түсініп, қорытынды жасай алады.

Жалпы бағдарламалық мақсаттағы оқылым

Керек ақпаратты табу үшін барынша үлкен мәтінді қарап шыға алады, сондай-ақ нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр түрлі бөлігінен немесе әр түрлі мәтіндерден ақпарат жинай алады.

Күнделікті жазбаша материалдардан өзіне өте қажетті ақпаратты мысалы, хаттардан және қысқа ресми құжаттардан тауып, түсіне алады,.

Нақты ақпарат мазмұны қызықты тақырыптағы қарапайым мәтіндерді оқи алады.

Өзін қызықтыратын тақырыптағы қарапайым мәтін мазмұнын толық түсіне алады.

Жолдасымен үнемі хат арқылы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін ауқымдағы жеке хаттардағы тілектер мен сезімдер, оқиғалардың сипаттамасын түсіне алады.

Ақпараттар мен дәйектемелер алу мақсатындағы оқу

Белгілі бір көзқарасты дәлелдеуге бағытталған негізгі қорытындыларды мәтіннен таба алады.

Мәтінде баяндалатын тақырып төңірегіндегі талдаулар тәртібін түсіне алады, бірақ әркез дәл түсінбеуі мүмкін.

Таныс тақырыпта жазылған шағын газет мақаласындағы негізі ережелерді таба алады.

Нұсқауларды оқу

Ережелерді түсіне алады, мысалы, қауіпсіздік ережелерін олар қарапайым тілмен жазылса, түсіне алады.

Хат-хабарларды оқу

Өзін қызықтыратын тақырыптағы теледидарлық

бағдарламалардың үлкен бөлігін түсіне алады, мысалы, интервью, қысқа дәрістер, репортаждар, олар қысқа және нақты дыбысталса, түсіне алады. Негізінен көрермендерден және қандай да бір қимылдардан тұратын фильм сюжетінің дамуын кейіпкерлер нақты

және қарапайым тілмен сөйлегенде байқай алады.

Таныс тақырыптағы теледидарлық бағдарламалардың негізгі кезеңдерін, онда барынша жай және нақты сөйлесулерді түсіне алады.

ЖАЗЫЛЫМ

Өзіне таныс қызықтыратын мәселелердің толық қатары бойынша қарапайым, нақты сипаттама бере алады. Өз тәжірибесі бойынша сезімі мен әсерін қоса отырып, қарапайым мәтін құрай алады. Жақында шынайы болған немесе көз алдына елестете алатын жол сапарының оқиғалары туралы сипаттай алады. Болған оқиғаны жазып бере алады.

Өзін қызықтыратын тақырыпқа қысқа, қарапайым эссе жаза алады.

Өзінің қызметі шеңберінде кездесетін күнделікті таныс немесе таныс емес мәселелер бойынша жиналған деректі ақпараттар туралы өзінің пікірін еркін хабарлап, қортындылай алады.

Күнделікті өмірде кездесетін ақпаратты беретін және қолданылған әрекетті түсіндіретін қалпы (форма) мен мазмұны стандартты өте қысқа баяндама жаза алады.

Өзіне кеңінен таныс және қызықтыратын мәселелерін, оның жекелеген элементтерінің қатарын байланыстыра отырып, қарапайым мәтін жаза алады.

АЙТЫЛЫМ

Ауызекі тілде өзіне айтылған әңгімені түсінеді, бірақ кейде қайталап сұрауы мүмкін. Сапар кезінде кездесетін барлық жағдайларда сөйлесе алады. Шет елге сапар кезінде билік органдарымен байланысқа түсе алады. Поштада, банкіде, дүкендегі жағдайларды тез шеше алады. Арыз, өтініш бере алады.

Әр түрлі жағдайларда, таныс тақырыптарда («Отбасы», «Қызығушылық», «Жұмыс», «Саяхат», «Күнделікті оқиға», т.б.) әңгімеге қатыса алады. Өз ой-пікірін еркін жеткізе алады. Абстракті (мәдениет, фильм, кітап, музыка т.б.) және өзінің кәсібіне байланысты тақырыптарға еркін сөйлесіп, ақпарат алмасып, өз

көзқарасын дәлелдей алады. Анық айтылған әңгімені түсіне алады. Бірақ жекелеген сөздер мен сөйлемдерді қайталап сұрауға мәжбүр. Кейде оның айтқанын түсіну қиын. Таңдану, қуану, өкіну, қызығу сияқты сезімдерді білдіре алады және оларға жауап қайтара алады.

Таныс тақырыптағы әңгімеге дайындықсыз қатыса алады. Анық, дәл сөйленген жағдайда достарымен бейресми әңгіменің негізгі бөлімдерін түсіне алады.

Өзінің жеке пікірін білдіре алады. Немесе басқа адамның көзқарасын біле алады. Қандай да бір іс-шараны ұйымдастыру туралы мәселелерді шешу туралы өз көзқарасын білдіре алады.

Ортадан жоғары деңгейдің сипаттамасы

Тіл қолданушы ортадан жоғары деңгейде нақты және абстрактілік тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның ішінде кәсіби мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алады. Тіл қолданушы тілдік қатынаста бірден, тез қазақ тілділермен екі жаққа да қиындық тудырмай сөйлесе біледі. Әр түрлі тақырыптарға нақты, толық хабар бере алады және негізгі мәселе бойынша өз көзқарасын жеткізе отырып, басқа пікірлердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсете алады. Тілдік қатынастың кәсіби, оқу, мәдени салаларындағы жағдайларының жеткілікті көлемінде қарым-қатынас жасай біледі.

ТЫҢДАЛЫМ

Тіл қолданушы әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және абстрактілі тақырыптағы ақпараттарды түсіне алады.

Қазақ тілділермен (ұлт өкілімен) дайындықсыз сұхбатқа түсе алады.

Тіл қолданушы айналасында айтылып жатқан әңгімелерді қиындықпен түсінеді. Бір мезгілде бірнеше ұлт өкілдерімен тілдік қарым-қатынасқа түсе алмайды. Жолда, іс сапарда кез келген жағдайда ресми мекемелермен қатысымға түсе алады.

Тіл қолданушы өз қызметі шеңберіндегі тақырыптар бойынша қалыпты нормада айтылған лингвистикалық құрылымы мен мағыналық жағынан күрделі, нақты және абстрактілі тақырыптардағы негізгі ойды түсінеді.

Тіл қолданушы Кәсіби білім саласына қатысты дәріс, сұхбат,баяндамалардың және т.б. тақырыптың, лингвистикалық күрделі хабарламалардың негізгі түпкі ойын түсіне алады.

Тіл қолданушы Әдеби нормада үнтаспаға жазылған хабарламаларды тыңдай алады және ондағы айтушының бір нәрсеге көзқарасын анықтай алады, хабарламадағы ақпаратты қолдана алады.

Тіл қолданушы Радиодан әдеби нормада берілген деректі радиохабарлардың және басқа да материалдардың көпшілігін түсіне алады, ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнері мен көңіл-күйін анықтай алады. Айналадағы нәрселерге назар аудармай, жалпы тақырыптарға ұзақ әңгімелесе алады. Тілді қолданушымен әңгімелесу кезінде эмоциясын жеткізе алады және осы тақырыпқа деген өз қызығушылығын білдіре алады, бірақ бірнеше адамдардың талқылауына толық қатыса алмайды.

ОҚЫЛЫМ

Тіл қолданушы Өзін қызықтыратын салаға қатысты хат-хабарларды, үлкен мәтіндерді, нақты бір тақырыпқа байланысты, арнаулы мақалаларды; автордың белгілі ұстанымын ажырата алады. Сөздік қоры көмектесетінін, терминдер мен сирек қолданылатын идиомалар кедергі келтіретінін түсінеді. Кәсібіне қатысты хаттарды және кәсіби саласына қатысы жоқ арнайы мақалаларды түсінеді (сөздікпен). Кәсіби саласына қатысты жоғары арнаулы деректерден қажетті ақпаратты ала алады. Ұзақ мәтіндерден қажетті ақпаратты таба алады.

Мәтіннің түрі мен көлеміне байланысты аздаған шектеуліктер кездеседі – тапсырманың қойылуына байланысты түрлі мәтіндерді әр түрлі жылдамдықта және әр түрлі тәсілмен оқи алады. Таныс емес және арнайы мәтіндерді оқығанда сөздік қажет.

Жалпы бағдарламалық мақсаттағы оқылым

Тіл қолданушы Үлкен, күрделі мәтіндерді қарап шыға алады, маңызды жерлерін бөліп ала алады. Мақала мазмұнын тез түсінеді және жаңалықтың өзектілігін, мақала немесе хабарлама тақырыбының кәсіби мінездемесінің кең көлемдігін анықтап, оны ары қарай қарауға болатынын белгілейді.

Ақпараттар мен дәйектемелер алу мақсатындағы оқу

Тіл қолданушы Өзінің кәсіби саласына байланысты арнайы деректерден қажетті ой-пікірлерді ала алады. Оның кәсіби саласынан тыс арнайы мақалаларды түсіне алады. Кейде терминдерді дұрыс түсініп, қолдану үшін сөздік пайдаланады. Авторлар көзқарасы мен ұстанымы көрсетілген, өзекті мәселелер қамтылған мақалалармен хабарламаларды түсіне алады.

Нұсқауларды оқу

Тіл қолданушы Жабдықтарды пайдалануға арналған нақты, қарапайым ережелерді түсіне алады.

Телехабарлар мен фильмдерді көру

Тіл қолданушы Ағымдағы оқиғалар туралы бағдарлама мен көптеген теледидарлық жаңалықтар бағдарламасын түсіне алады. Деректі фильмдерді, тікелей сұхбат, ток-шоу, диалектілер көп қолданылатын фильмдерді түсіне алады.

Тіл қолданушы Өзін қызықтыратын мәселелер бойынша хат-хабарларды оқи алады және оның негізгі мағынасын түсіне алады.

Тіл қолданушы Мәтін түріне және өзіндік мақсаттарына қажетті анықтамалық материалдарға байланысты оқылымның түрін, жылдамдығын өзгерте отырып, жеке оқумен айналыса алады.

ЖАЗЫЛЫМ

Тіл қолданушы Шынайы немесе ойдан алынған оқиғаларды пайдаланып, таңдаған жанрының шарттарына сәйкес мәтінді айқын, нақты етіп құрастыра алады.

Өзін қызықтыратын мәселелерді анық және нақты сипаттай алады.

Фильмге, кітапқа, пьесаға пікір жаза алады.

Өз көзқарасын білдіретін жүйелі дәлелдемелерінің маңызды кезеңдері мен бөлімдері сипатталатын эссе немесе баяндама жаза алады.

Тіл қолданушы Түрлі идеялар мен шешілген мәселелерге баға береді.

Қандайда бір ұстанымның (позиция) дамуына белгілі көзқарас тұрғысынан келісімі мен қарсылығын білдіре отырып, шешім нұсқаларының кемшіліктері мен жетістіктерін түсіндіретін эссе немесе баяндама жаза алады.Бірнеше көзқарастарды білдіретін ақпарат пен дәйектерді жинақтай алады.

Тіл қолданушы Бірнеше дереккөздерден алынған

ақпараттар мен дәйектерді қорытындылап, түрлі мәселелер сипатталған анық, нақты мәтін жаза алады.

АЙТЫЛЫМ

Тіл қолданушы Қысқа, қарапайым хабарландыру жасай алады.

Қысқа әңгіме, мақала, интервью немесе деректі фильм туралы өз көзқарасын және оның қысқаша мазмұнын айта алады.

Идеялық байланысты нақты анықтай отырып, бос уақытқа қатысты жағдайларға байланысты кәсіби оқу жалпы тақырыптарға еркін, дәл, тез, тиімді неғұрлым ресми түрде дайындықсыз сөйлей алады.

Даулы жағдайларды шешуге қажетті тілдік құралдары жеткілікті, мысалы: жол оқиғасы кезінде, қаржылық жауапкершілік жүктелгенде пайда болған мәселелерді түсіндіре алады. Шығынды орнына келтіруді талап ете алады.

Айналадағы нәрселерге назар аудармай, жалпы тақырыптарға ұзақ әңгімелесе алады.

Тілді қолданушымен әңгімелесу кезінде эмоциясын жеткізе алады және осы тақырыпқа деген сөз қызығушылығын білдіре алады.

Тілді қолданушылардың қызу әңгімесіне қолдау көрсете алады, бірақ бірнеше адамдардың талқылауына толық қатыса алады.

Жоғары деңгейдің сипаттамасы

Жоғары деңгейдің сертификатын иелену тілді меңгерудің тілдік қатысымның барлық саласы бойынша қазақ тілді ұжымда қазақ тілінде еркін сөйлесе алатын филолог маман, аудармашы, редактор, журналист, дипломат, менеджер ретінде кәсіптік қызмет жүргізе алатын мүмкіндік береді (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген).

Тіл қолданушы көлемді әртүрлі тақырыптарда қиын мәтіндерді түсіне алады, жасырын мағынаны айыра біледі, жоғары қарқында бірден тез сөйлейді және сөздер мен сөйлемдерді таңдауда қиналмайды. Ғылыми және кәсіби қызметтердегі тілдік қатысымда тілді икемді және тиімді пайдалана біледі. Қиын тақырыптарға дәл әрі егжей-тегжейлі әдемі құрылған хабарламалар құрастыра алады, мәтінді қалыптастырудың түрлі модельдерін, байланыстыру құралдарын және оның элементтерін біріктіруді меңгергенін көрсете алады.

ТЫҢДАЛЫМ

Өзінің қызмет әрекеті деңгейіндегі абстрактілі қиын тақырыпта жасалған көлемді баяндаманы түсінеді, кейде кейбір өзіне түсініксіз нәрселерді сұрауға мәжбүр.

Ауызекі сөйлеу тілі элементтері мен түрлі тұрақты тіркестерді тани алады. Құрылымы нақты емес көлемді баяндамаларды түсіне алады.

Өзіне таныс емес тақырыптар аясында да айтылған сұхбаттың жалпы мазмұнын қиындықсыз түсіне алады. Дәріс, сұхбат, пікірталас, талқылауларды оңай түсінеді. Қоғамдық орындарда (вокзал, стадион және т.б.) берілген хабарландырулардың естілуі нашар болуына қарамастан, өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Күрделі техникалық ақпараттарды түсінеді, мысалы: белгілі өнімдерге жазылған техникалық жазбалар т.б. Өз мамандығына қатыссыз көлемді мәтіндерді жан-жақты түсіне алады.

ОҚЫЛЫМ

Әлеуметтік-кәсіби және ғылыми мәселелер бойынша әр түрлі үлкен, күрделі мәтіндерді, кәсіби мүддесінің ауқымынан тыс жаңа жағдайларды сипаттауға немесе

бейтаныс құралдарды қолдануға арналған күрделі нұсқауларды түсінеді.

Мәтінде ашық түрде берілмеген кейбір сөз орамдарын

айыра алады. Күрделі мәтіндегі кейбір тіркестерді

түсінеді, қатынастар мен көзқарастарды да түсінеді.

Күрделі мәтіндерде кездесетін кейбір сөз орамдары сол бөлікті қайта оқығаннан кейін ғана түсінікті болады. Кейде сөздікті пайдаланады.

Жалпы бағдарлық мақсаттағы оқылым

Үлкен, күрделі мәтіндерді қарап шыға алады, маңызды жерлерін бөліп ала алады. Мақала мазмұнын тез түсінеді және жаңалықтың өзектілігін, мақала немесе хабарлама тақырыбының кәсіби мінездемесінің кең көлемдігін анықтап, оны ары қарай қарауға болатынын белгілейді.

Ақпараттар мен дәйектемелер алу мақсатындағы оқу

Оқу және кәсіби қызметі барысында достарымен қарым-қатынаста кездесетін мәселелер бойынша үлкен, күрделі мәтіндерді толық, жан-жақты түсінеді. Мәтінде жасырын немесе тікелей көрсетілген қатынастар мен пікірлердің кейбір тұстарын түсіне алады.

Нұсқауларды оқу

Кәсіби қызметі саласына байланысты немесе байланыссыз болуы мүмкін жаңа құралдарды пайдалану және жаңа амалдарды орындау жөніндегі үлкен, күрделі нұсқауларды толық, дәл түсіне алады. Бұл жағдайда түсінбеген жерлерін қайтадан оқуға мүмкіндігі болады.

Фильмдер мен телехабарларды көру

Слэнг және идиомалық қолданыстар жиі пайдаланылатын фильмді түсіне алады. Мәтіннің күрделі бөлігін қайта оқуға мүмкіндігі болмаған жағдайда да, оның қызығушылығына жататын немесе жатпайтын үлкен күрделі мәтіндерді толық жан-жақты түсіне алады.

Кейде сөздікті қолдана отырып, кез келген хат-хабарларды түсіне алады.

Аудиториядан тыс таңдалған тақырыпты өзінің жеке

АЙТЫЛЫМ

стилін сақтай отырып, түсінікті және логикалық түрде құрылған мәтін ретінде жан-жақты сипаттай алады.

Анық, түсінікті құрылған күрделі тақырыптардың, түсіндірмелердің ерекше маңызды мәселелерін нақтылай отырып айта алады.

Өз көзқарастарын жеткілікті дәрежеде жан-жақты қосымша бекітілген тұжырыммен, тиісті мысалдармен дамыта алады.

Күрделі тақырыпқа құрылған мәтіндердің маңызды мәселелерін нақтылап, жеткілікті, жан-жақты қосымша талқылаулар, тұжырымдар мен тиісті мысалдар арқылы түйіндей отырып, анық, нақты жеткізе алады.


Aqparattyʹq materiʹaldar

Информационные материалы

Оnlaiʹn testileyʹ

Aqparattyʹq  materiʹaldar

QAZTEST juʹiʹesi boiʹyʹnsʹa kompiʹyterlik testileyʹ

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх